Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қытай 600 млн астам коронавирус вакцинасын өндірмек

Қытай 2020 жылдың соңына дейін коронавирусқа қарсы вакцинаның 610 миллион дозасын, ал 2021 жылы 1 миллиардтан астам дозаны өндіреді.

Қытай 600 млн астам коронавирус вакцинасын өндірмек
Фото: NEGE.kz

 

Алматы, NEGE. Бұл туралы ҚХР Денсаулық сақтау істері жөніндегі мемлекеттік комиссияның медициналық ғылым мен технологияларды дамыту орталығының директоры Чжэн Чжунвэй мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі. «Қытайдың коронавирус вакциналарын шығарудағы өндірістік қуаты 2020 жылдың соңына қарай 610 миллион дозаны және 2021 жылы 1 миллиардтан астам дозаны құрайды», - деді Чжэн Чжунвэй. Сонымен бірге, шенеунік халықты вакцинациялау кезең-кезеңімен, ең алдымен коронавирусты жұқтыру қаупі жоғары адамдар, атап айтқанда «алдыңғы қатардағы» медицина қызметкерлері мен халықтың осал топтарының өкілдері (олардың қатарына қарт адамдар, жүкті әйелдер, балалар кіреді) басымдық ретінде жүргізілетінін атап өтті. Қытайдың ауруларды бақылау және алдын алу орталығының өкілі Цзэн Гуанның айтуынша, қытайлық коронавирус вакциналары адамның иммундық жүйесін салыстырмалы түрде ұзақ уақыт қорғай алады.

Қазір оқып жатыр

​Назарбаевтың кезінде тарихшылар тоғыз ай жалақысыз отырған – Жақсылық Сәбитов

Жақсылық Сәбитов/Decaf

Қарағандыда 56 жастағы тиктокер әйел болып киініп, балалармен таныспақ болған

стример

Алматының тау бөктерінде 9 қабаттан биік ғимараттар салуға қандай жағдайда рұқсат беріледі?

жалған тәжірибе, мемлекеттік сатып алу

Қазақстан азаматтары Оңтүстік Кореяда қалай заңды жұмысқа орналаса алады?

Сеул