USD
USD
USD

2020 жыл – цифрландыру және балаларды қолдау жылы

Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков 2020 жылды Өңірлерді дамыту, елді цифрландыру және балаларды қолдау жылы деп жариялады, деп хабарлайды Кабар агенттігі. 

2020 жыл – цифрландыру және балаларды қолдау жылы
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Қырғызстан президенті жаңажылдық құттықтауында айтты. «Ескі жылда қол жеткізгеніміздің барлығы – сіздердің күн сайынғы еңбектеріңіз бен күш-жігерлеріңіздің нәтижесі. Құрметті отандастар, сіздердің қолдауларыңыз үшін алғыс білдіремін. Өткен жылдың жағымды өзгерістері жаңа жылда да жалғасын табады.

Сонымен қатар, балаларымызға ерекше назар аударылады. Күш-жігерімізді біріктіре отырып, әр баланың лайықты өмірін қамтамасыз ететінімізге сенімдімін. Осы мақсатта Жаңа 2020 жылы «Өңірлерді дамыту, елді цифрландыру және балаларды қолдау жылы» деп жариялауды ұйғардым. Балаларға қамқорлық жасау – бұл өмірдегі ең игі іс. Жаңа жыл құтты болсын, қымбатты қырғызстандықтар», – деді С. Жээнбеков.

 

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына жиналған қаржы таратылды

Маңғыстау

ExxonMobil Қашағандағы 2,3 трлн теңгелік айыппұл дауын реттеу келісімін қолдамады

Қашаған

Астанада мүгедектігі бар адамдарға 86 мың теңгеге дейін біржолғы көмек беріледі

әлеуметтік төлем

«Твардовский дом» панажайының иесі қаза тапты

Владимир Тепляков