1 Қаңтар 16:47
...
2020 – қандай жыл?
Нумеролог Әйгерім Жұмағұлова «Алаш айнасы» порталына 2020 жылдың қандай болатыны туралы айтып берді. Оның пікірінше, бұл жыл аздап ауыр әрі қатал болатынын айтқан.
Алматы, NEGE. – 2020 жылдың саны – 4. Яғни барлық санды қосқанда 4 шығады. Бұл сан шыдамдылыққа, төзімділікке, тұрақтылыққа, денсаулыққа жауап береді. Сол себепті осы жылы отау құратын жастардың шаңырағы берік, некесі тұрақты болады. Халыққа тұрғын үйге байланысты түрлі бағдарламалар ұсынылып, көпшілік жұрт баспаналы болып, елдің жағдайы біраз тұрақталады.
– Медицина, спорт салаларында жақсы жаңалықтар болуы мүмкін. Сондай-ақ адамдар курстарға қатысып, көбіне рухани дамуға мән бере бастайды. Өздерін басқа бір қырынан көрсетуге күш салады. Олар қызметте жоғарылау, белгілі бір кәсіп түрін бастау жағына көбірек көңіл бөлетін болады. Яғни бұл жылы көп адамдардың еңбекке құлшынысы артады.
– Көптеген жандар жұмыс ауыстырады, жаңадан іс бастайды немесе екі-үш жұмысты қатар алып жүруі мүмкін. Бірақ 2020 жыл – нағыз еңбектің жылы. Бір істі бастап алып, «істейін бе, істемейін бе» деп ойланып жүруге болмайды. Тынбай еңбектене білгендер ғана мансабын өсіру жолында жақсы нәтижелерге қол жеткізбек.
– Осы жылы адамдар тек іс бастағанда ғана емес, отбасын құрғанда да, жалпы, не нәрседе болса да барлығын алдын-ала жоспарлап, ойластырып алғаны дұрыс. Аяқ астынан шешім қабылдап жасалған іс сәтсіздікке апаруы мүмкін. Сол сияқты дәл осы жылы біреуге ренжіп, ашумен жұмыстан шығып кетуден де абайлау қажет. Асығыс шешім қабылдаудан аулақ болу керек.
– 2020 жылы көлік апаты көп болуы мүмкін. Сондықтан адамдарға жол ережесін сақтап жүруге кеңес беремін. Негізі бұл жылы денсаулыққа көбірек мән беріп, спортпен айналысқан дұрыс. Балаларды да мейлінше спортқа баулыған жөн.