USD
USD
USD

2019 жылы Қазақстанға неше қандас келді?

2019 жылы атамекеніне 17 661 этникалық қазақ немесе 9 993 отбасы тарихи отанына оралды және қандас мәртебесіне ие болды.

2019 жылы Қазақстанға неше қандас келді?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Олардың көпшілігі Қытайдан – 41,5% (7 326 адам), Өзбекстаннан – 40,1% (7 074 адам), Түркменстаннан – 6,5% (1 152 адам), Моңғолиядан – 6,2% (1 095 адам), Ресейден – 1,8% (313 адам), 3,9% (701 адам) басқа елдерден келді. Қандастардың басым көпшілігі Алматы – 38%, Маңғыстау – 14% облыстарына, Шымкент – 7% және Нұр-Сұлтан – 6% қалаларына қоныстанды.

Келген қандастардың жалпы санынан еңбекке жарамды жастағы адамдар 62,7%-ды (11 082 адам), еңбекке қабілетті жастағылар – 30,7%-ды (5 420 адам), зейнеткерлер – 6,6%-ды (1 159 адам) құрайды. Еңбекке жарамды жастағылардың ішінен білім деңгейі бойынша 13,6% жоғары білімді, 25,2% орта арнаулы білімді, 46,7% жалпы орта білімді, 14,5% білімі жоқ.

2019 жылға ҚР Үкіметі 2 031 қандасты қабылдаудың өңірлік квотасын бекітті, ол былайша бөлінді: Қостанай облысы бойынша – 815, Павлодар облысы бойынша – 550, Ақмола облысы бойынша – 306 адам, Шығыс Қазақстан облысы бойынша-250, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 110 адам.

Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген адамдарға Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде субсидия беру түрінде қолдау көрсетілді: көшуге – отбасының әрбір мүшесіне 35 АЕК (84,2 мың теңге) біржолғы төлем; тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге төлеу бойынша шығыстарды жабу үшін 12 ай бойы отбасына 15-тен 30 АЕК (36,1-ден 72,2 мың теңге).

1991 жылдан 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін 313 256 отбасы немесе 1 057 280 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды. 

Қазір оқып жатыр

Ломбардтағы қарыздар соттан тыс банкроттық шартынан алынып тасталды

Ломбард

Алматыда дәрігерлер әйелдің іш қуысынан 25 келілік үлкен ісікті алды

Ота

Талдықорғанда зейнеткерден 5 келіден астам гашиш тәркіленді

есірткі заты

Тоқаев Алматы әкіміне LRT мен SkyTrain-ді енгізу жұмысын жеделдетуді тапсырды

Дархан Сатыбалды