Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

2019 жыл әлем тарихындағы ең ыстық жылдың біріне айналды

Copernicus Climate Service

2019 жыл әлем тарихындағы ең ыстық жылдың біріне айналды
Фото: NEGE.kz

үкіметаралық агенттігі 2019 жылды Еуропаның тарихындағы ең ыстық жыл ретінде атауда. Ал әлем бойынша бұл жағдай тек екінші мәрте қайталанып отыр екен.

Алматы, NEGE. Франция, Германия секілді еуропалық мемлекеттерде жазда ең жоғарғы температуралық рекорд орнаған. Гренландия аралындағы мәңгі тоң мұздар еріп кеткен. Есеп бойынша Гренландияда 300 млрд тонна мұз еріп кетіпті. Ақырында ыстық ауа-райы жыл соңында Австралияда жалғасып жатқан алапат орман өртіне себепкер болған.

Еуропалық ғалымдар өткен жылдың ауа температурасынан тек ми қайнатқан ыстығымен есте қалған 2016 жылғы ауа-райы ғана сәл жоғары болғанын айтады. Мамандардың есебінше бұған бірінші кезекте атмосферада жылуды ұстап қалатын көмірқышқыл газдарының үлес салмағының тоқтаусыз өсіп бара жатқаны себепші. Нәтижесінде соңғы бес жылда жер жүзіндегі температура үздіксіз өсіп, ол климаттың өзгеруіне әкелуде дейді мамандар.  

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА