USD
USD
USD

200 тәжік шекарада қалып қойды

Қ

200 тәжік шекарада қалып қойды
Фото: NEGE.kz

азақстан мен Өзбекстан коронавирустан қорғану шарасы ретінде шетелдік азаматтардың ел аумағына кіруіне уақытша тыйым салған соң Тәжікстанның 200-ге жуық азаматы 17 сағат қазақ-өзбек шекарасындағы бейтарап аймақта сарыла күтіп тұруға мәжбүр болды. Бұл туралы Азаттық хабарлады.

Қазақ-өзбек шекарасында қалып қойған тәжікстандықтардың едәуірі әйелдер мен балалар. Тәжік азаматы Ресейден Отанына қайтар жолда Қазақстанның "Қапланбек" шекара бекетінен шығып, Өзбекстанның "Науаи" шекара бекетіне жетпей, екі арада қалып қойғанын айтты. Шекара наурыздың 16-сына қараған түні жабылған.

"Шекарашылар бізге Өзбекстан жағы елге тек өз азаматтарын ғана кіргізіп жатқанын айтты" деді өзін Абдулла деп таныстырған әлгі азамат.

Редакцияға келіп түскен бірнеше видеода шекарада ұзын-сонар кезекте тұрған көліктер мен адамдар (арасында балалар да көп) бейнеленген.

Қазір оқып жатыр

Бектенов Түркістан облысында бұлақ көзін тазартып, ағаш отырғызды

Олжас Бектенов

Сәуірде зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі өсуі мүмкін

Ақша

10 мың теңгелік ескі банкноттарға қатысты жағымды жаңалық айтылды

Ақша

Қазақстандық екі клуб Еуропада үздік ондыққа енді

футзал