USD
USD
USD

200 кәсіпкерге негізсіз салық салған шенеунік жазаға тартылмақ  

Қостанай қаласы әкімдігінің сәулет бөлімінің басшысына қатысты тәртіптік іс қозғалды. Бұл туралы Қостанай облысы кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестің отырысында белгілі болды.

200 кәсіпкерге негізсіз салық салған шенеунік жазаға тартылмақ  
Фото: NEGE.kz

 Алматы, NEGE. «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қостанай қаласы әкімдігі сәулет бөлімінің басшысы бизнеске кедергі келтіргені үшін жазаланбақ. Нақтылап айтсақ, ол 1251 қостанайлық бизнесменге негізсіз салық артуға шешім қабылдаған. «Мемлекеттік орган үстірт жұмыс атқарды. Кәсіпкерлермен жұмыс істелмеді, оларға шағымдануға мүмкіндік бермеді. Бұл жерде 1251 кәсіпкердің мүддесі қозғалып отыр. Олардың барлығы қиын жағдайға тап болды. Кейбіреулері тіпті шоттарын ашу үшін қарыздарын төледі. «Жарнама туралы» Заңның талаптары анық бұзылды. Бұған түбегейлі баға беру керек. Біз кінәлі лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі туралы мәселе қоюға тиіспіз», – дейді Қостанай облысы кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестің төрағасы Владимир Шакун.

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бұл мәселе бойынша Қостанай облысының мемлекеттік қызмет істері департаментіне хат жолдады. Департамент басшысының орынбасары Ерлан Салықбаевтың айтуынша, 22 қыркүйекте Қостанай әкімдігі сәулет бөлімінің басшысына қатысты тәртіптік іс қозғалған. «Іс «Мемлекеттік қызмет туралы Заңнаманы» бұзу фактісі бойынша қозғалды, шенеунік кәсіпкерлік қызметке айқын кедергі келтірді. Қазіргі уақытта қызметтік тергеу жүргізілуде. Тергеу нәтижелері 15 күн ішінде дайын болады. Сондықтан біз қазан айының бірінші онкүндігінде Әдеп жөніндегі кеңестің отырысында түпкілікті шешім қабылдауды жоспарлап отырмыз», – деп атап өтті жиын барысында Е.Салықбаев. Кеңес отырысында белгілі болғандай, жақын арада Қостанайда бизнес-объектілерде тексерулер жүргізетін жұмыс тобы құрылады. Бизнес құқығын бұзуды болдырмау үшін оған Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіреді.

Қазір оқып жатыр

Теміржолшылар үшін қолжетімді баспана бағдарламасы басталды

Баспана

«Жасанды тыныс алу аппараты болмаған»: Қарағандыда бүлдіршіннің өліміне қатысты тексеріс жүргізіледі

Денсаулық

Алматының Әл-Фараби даңғылында жарыс ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды

Полиция, Әл-Фараби даңғылы

Астанада Умраға жоқ жолдаманы сатып, 17 қажыны алдаған алаяқ сотталды

сот шешімі