USD
USD
USD

20 жастағыларға жеткіліктілік шегі неге 6,6 млн теңге деп белгіленген?

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 20 жастағы қазақстандықтар үшін жеткіліктілік шегі неліктен 6,6 миллион теңге деп белгіленгенін түсіндірді.

БЖЗҚ
Фото: Gov.kz

Астана, NEGE. Қор өкілдерінің түсіндіруінше, ең төменгі жеткіліктілік шегін есептеу салымшының қазіргі табысына емес, оның болашақта алуы тиіс нысаналы зейнетақысының көлеміне негізделеді.

«Ол үшін тиісті жаста зейнетақы шотында болуы керек және тіпті болашақта жарналар аударылмаған күннің өзінде қарттық шақта зейнетақы жинақтарының жеткілікті сомасын қамтамасыз ете алатын ең төменгі жинақ сомасы есептеледі», – дейді БЖЗҚ өкілдері.

Егер салымшы 20 жаста болса, оның зейнетке шығуына әлі 40 жылға жуық уақыт бар. Осы кезеңде оның жинақтары инвестицияланып, инвестициялық кіріс әкелуі және болашақ зейнетақы төлемдерін қамтамасыз етуі тиіс.

«Егер қандай да бір себептермен жас азамат зейнетақы жарналарын аударуды тоқтатса да, шотта 6 млн теңгеден астам қаражаттың болуы инвестициялық кіріс есебінен зейнеткерлік жасқа қарай зейнетақымен қамсыздандырудың ең төменгі стандартына сәйкес келетін мақсатты деңгейден төмен емес мөлшерде төлемдер алуға қажетті жинақты қамтамасыз етеді», – деп түсіндіреді мамандар.

Зейнетақы жинағының ең төменгі жеткіліктілік шегінің шамасы болашақта зейнетақы төлемдерінің мақсатты мөлшерін қамтамасыз ету үшін қажетті есептік деңгейден төмен болмауы тиіс.

Еске салсақ, БЖЗҚ 6 маусымда зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегін жаңартты. Жаңа шек салымшының жасына қарай есептеледі. Адам зейнет жасына жақындаған сайын шотта қалуға тиіс ең төменгі сома да көбейеді.

Қазір оқып жатыр

Павлодар облысында «Газель» мен «Камаз» соқтығысып, бір адам мерт болды

Көлік апаты

Жетісуға биылғы жазғы маусымда 2 миллионнан астам турист келеді деп күтілуде

Жетісу

Жастар саясаттан алыстады ма, әлде саясат жастардан алыстады ма?

.

СҚО-да табиғи газ бағасы бір жылда 63 пайызға өскен

газ