USD
USD
USD

2 трлн теңгелік 200 жоба: Қазақстанда қандай кәсіпорындар ашылмақ?

Қазақстанда биыл жалпы құны шамамен 2 трлн теңге болатын 200 өндірістік жобаны іске қосу жоспарланған. Жобалардың бір бөлігі ішкі нарықтағы сұранысты өтеуге бағытталмақ.

Кәсіпорын
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев жалпы құны шамамен 2 трлн теңге болатын 200 өндірістік жоба іске қосылатынын мәлімдеген болатын. Оның 125-і қазірдің өзінде өз жұмысын бастады.

Ал министрдің орынбасары Олжас Сапарбековтің сөзінше, қалған жобалардың басым бөлігі соңғы кезеңінде. Қазір кей кәсіпорындарда жабдықтарды іске қосу, құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтау шаралары жүріп жатыр.

Вице-министр мысал ретінде Қарағанды облысындағы бірнеше өндіріс орнын атады. Атап айтқанда, мұнда Karaganda Insulation жылу оқшаулағыш материалдар шығаратын өндіріс іске қосылған. Сонымен қатар алюминий және металл радиаторлар, майлау материалдарын өндіретін жобалар да жұмысын бастады.

Алдағы күндері Қарағанды облысының Саран қаласында HOVA маркалы ауыр жүк көліктерін шығаратын өндіріс орнын іске қосу жоспарланып отыр.

«Жобалардың бір бөлігі ішкі нарықтағы сұранысты қамтамасыз етуге бағытталған. Ал кейбірінің экспорттық әлеуеті бар. Біз барлық 200 жобаны биыл іске қосу үшін тиісті қолдау көрсетіп жатырмыз», – деді вице-министр.

Айта кетейік, бүгін Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов әкімдер мен министрлерге бюджет қаражатына сатып алынатын тауарлар мен материалдар Қазақстанда өндірілуі керегін еске салды. 

Қазір оқып жатыр

ҚазҰУ-дағы студент қазасы: проректор мен декан жұмыстан шығарылды

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

ДСМ антибиотиктерді рецептісіз сатқандарға миллиондап айыппұл салды

Дәріхана

Қазақстанда сабақтан жиі қалатын оқушылар полицияның бақылауына алынады

Оқушы

«Оп-оңай қағидат»: Бектенов министрлер мен әкімдерге отандық өнімге басымдық беруін тапсырды

Олжас Бектенов