USD
USD
USD

2 млрд теңгеге қатысты іс: бұрынғы вице-министрлер мен бюро басшысы сотталды

11 қарашада Алматы соты Бірінші кредиттік бюро мен мемлекеттік Еңбек ресурстарын дамыту орталығының арасындағы келісімге қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды.

Омаров
Фото: БКБ

Астана, NEGE. Сотталушыларға мынадай жаза тағайындалды:

• Руслан Омаров, Бірінші кредиттік бюроның бұрынғы бас директоры – 7 жыл 6 ай;

• Дәулет Арғандықов, Еңбек ресурстарын дамыту орталығының бұрынғы басшысы – 7 жыл 6 ай;

• Ақмәди Сарбасов, бұрынғы еңбек бірінші вице-министрі – 4 жыл;

• Тәуке Болатбаев пен Ақжол Дошымов, орталықтың бұрынғы қызметкерлері – рақымшылықты ескере отырып, әрқайсысы 2 жылға сотталды.

Тергеу мәліметінше, 2020 жылы мемлекеттік орталық пен жеке кредиттік бюро арасындағы табысты бөлу тәртібі өзгертілген. Соның нәтижесінде Бірінші кредиттік бюроның ақпараттық қызметтерден алатын үлесі 25%-дан 35%-ға өскен. Ал мемлекеттік орталықтың үлесі 75%-дан 65%-ға қысқарған.

Тергеу мемлекеттік орталық осы өзгерістен 2,088 млрд теңге табыстан қағылды деп есептеді.

Сондай-ақ айыптау тарапы бәсекелес Мемлекеттік кредиттік бюроның сұрауларын өңдеу әдейі баяулатылғанын және 75 мың доллар пара берілгенін мәлімдеді.

Бес сотталушы да кінәсін мойындамады. Сот оларды айыптаудың кейбір эпизодтары бойынша ақтады.

Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

ҚазҰУ студентінің қазасы: министр не себепті пікір білдіруге тыйым салынғанын түсіндірді

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Құрылысшының қазасы: Алматы әуежайы үн қатты

Алматы әуежайы

Кәсіпкердің өліміне қатысты даулы іс: судья туралы мақалаға адвокат қарсы шықты

Қылмыстық іс

Алматы әуежайында адам қаза тапты

Алматы әуежайы