USD
USD
USD

2 млрд теңге табыс тапқан: Алматыда Kizdar.net сайтын құрушылар қамауға алынды

Алматы прокуратурасы Kizdar.net интернет-ресурсының болжамды ұйымдастырушылары ұсталғанын хабарлады. Тергеу мәліметінше, сайт он бес жылдам астам уақыттан бері жарнама орналастыру және ақылы интимдік қызмет көрсетуді ұйымдастыру үшін пайдаланылған.

Кісен
Фото: freepik.com

Астана, NEGE. Күдіктілердің әрекеттері Қылмыстық кодекстің 309-бабы 2-бөлігімен (Жезөкшелiкпен айналысуға, сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтерді көрсетуге арналған притондар ұйымдастыру) сараланып, олар соттың санкцияларымен қамауға алынған.

«Тінту барысында ірі сомада ақша қаражаты, цифрлық активтер, компьютерлік техника және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді. Алдын-ала 2 млрд теңгеден астам мөлшерде заңсыз табыс анықталды», – деп хабарлады қадағалаушы орган өкілдері.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Алматы прокуратурасы іс барысын ерекше бақылауға алған.

Еске салсақ, 2023 жылы Астанада Kizdar.net сайты арқылы сексуалдық қызмет көрсеткен 43 қыз анықталған болатын. Оларға қатысты 33 әкімшілік хаттама толтырылып, 15-і есепке қойылған. Сол жылы Ішкі істер министрлігі сайттың 11 топ-менеджері ұсталғанын хабарлады, алайда заңдағы олқылыққа байланысты кейін іс тоқтатылған. 

Қазір оқып жатыр

«Ғалымдар жаппай қуылды» деген ақпарат шындыққа жанаса ма? Ясауи университеті жауап берді

.

АҚШ-та жоғалып кеткен қазақстандық жігітке қатысты тың ақпарат айтылды

Әсет Құралбай

Samruk-Kazyna Construction еншілес компаниясын 228,8 млн теңгеге сатпақ

.

Тоқаев елдің қорғаныс қабілетін нығайтуды тапсырды

Тоқаев, Қосанов