USD
USD
USD

2 млрд теңге шығын: Петропавлда өтпежол салуға бөлінген қаржы жымқырылған

Қаржы мониторингі агенттігі Петропавл қаласында автожол өтпежолын салуға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеп-тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Ақша
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Агенттік мәліметінше, 2023 жылдың тамыз айында Петропавл қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мен «БУКА» ЖШС-мен автожол өтпежолын салу туралы келісімге келген. Жоба құны 5,4 млрд теңгеге бағаланған. Алайда мердігер ұйым жұмысты мерзімінен кешіктірген.

Тергеу деректері бойынша, мердігер ұйымның директоры тапсырыс беруші тараптың лауазымды тұлғаларымен сөз байласып, нақты орындалған жұмыс көлемі туралы жалған мәліметтер көрсетілген актілерді рәсімдеп, оған қол қоюды ұйымдастырған. Осы құжаттардың негізінде мердігер ұйымның шотына бюджет қаражаты негізсіз аударылған. 

«Заңсыз әрекеттердің салдарынан мемлекетке 2 млрд теңгеден астам шығын келтірілген. Соттың санкциясымен жалпы құны 270 млн теңгеден асатын 24 автокөлік пен арнайы техника бұғатталды.

 

Күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды», – делінген ҚМА хабарламасында. 

Қазіргі уақытта тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

Қағазбастылық пен көзбояушылық азаймай келеді: Бектенов әкімдіктерді сынады

Үкіметтің баспасөз қызметі

Еңбек Ері Ерванд Ильинский: Қазақстан альпинизміне жаңа серпін керек

.

Павлодар облысындағы Ақсу ферроқорытпа зауытында жұмысшы қаза тапты

Жұмысшы қазасы

Ақтөбелік депутат тойдағы әрекетінің ерсі көрінгенін мойындады

Аслан Қайырғалиев