USD
USD
USD

«2 мың жасырын орын ұйымдастырған» : Астанада есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топ мүшелері сотталды

Астанада Pitbullshop Telegram-дүкені арқылы есірткі заттарын жүйелі түрде сатумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың ұйымдастырушысы мен төрт мүшесіне сот үкімі шықты.

Күдікті
Фото: polisia.kz/видеодан кадр

Астана, NEGE. Сот бес айыпталушының барлығын кінәлі деп танып, топ ұйымдастырушысын 17 жылға, қалған төрт қатысушыны 16 жылға бас бостандығынан айырды.

Олардың заңсыз әрекетін Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен әшкереледі. ІІМ мәліметінше, жедел іс-шаралар кезінде 25 пен 40 жас аралығындағы бес күдікті анықталып, ұсталды. Соның ішінде 35 жастағы ұйымдастырушы қылмыстық әрекеттерге басшылық жасап, жеткізілімдер мен қаржы ағындарын бақылаған. 26 жастағы қатысушы оператор ретінде интернет-дүкеннің жұмысын жүйелі түрде жүргізіп ортырған. Ал 25 және 40 жастағы екі ер адам есірткі заттарын өлшеп-орап, жасырын орындарға орналастыруға жауапты болған. Топтың тағы бір мүшесі есірткіні бөлшек сауда арқылы өткізіп, жаңа курьерлерді тартқан.

«Тергеу барысында топтың қылмыстық әрекеті кезінде шамамен екі мың жасырын орын ұйымдастырылғаны анықталды. Заңсыз саудадан түскен қаражаттың жалпы айналымы 90 миллион теңгеден асқан», – делінген ведомство хабарламасында.

Күдіктілер өткен жылдың жазында ұсталды. Жедел іс-шаралар барысында полицейлер 165 грамнан астам марихуана мен каннабис шайырын тәркіледі. Сонымен қатар қаптама материалдары, электрондық таразылар, банк карталары, ақша қаражаты және қылмыстық әрекетте пайдаланылған өзге де заттар тәркіленді.

Қазір оқып жатыр

Алаяқтар 36 млн теңгені Нұрбанк арқылы өткізген: сот ақшаны жәбірленушіден өндірмек

коллажды кұрастырған NEGE/ЖИ көмегімен жасалған

«Яндекс Диск» қызметіндегі ақаудан кейін Кенесары туралы фильм материалдары жоғалып кеткен

 «Яндекс Дисктегі» материалдар

Ермек Көшербаев елшілік қызметке оралды

Ермек Көшербаев

Қазақстанның халықаралық резервтері бір айда 4,3 млрд долларға азайды

доллар бағамы