USD
USD
USD

2 миллионнан астам ауыл тұрғыны сапалы интернетпен қамтылады

Мәжіліс 2024 жылғы 12 желтоқсанда Астанада жасалған Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы қарыз туралы келісімді (Қазақстанның инклюзивті экономикасы үшін жеделдетілген цифрландыру жобасы) ратификациялады.

Ауыл
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Жоба нәтижесінде республика бойынша 1123 ауылдың 2,3 миллионға жуық тұрғыны (550 мың үй шаруашылығы) жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізе алады. Бұл – тұрақты әрі қауіпсіз талшықты-оптикалық байланыс желілері технологиясы.

Шығындар ішінде 42 млрд теңге мемлекеттік несие болса, тағы 42 млрд теңге – жеке бірлескен қаржыландырудың міндетті шарты. Осылайша, салаға кем дегенде 84 млрд теңге инвестиция салынады. Несиенің өзі 1 пайыз сыйақымен жапон иенімен алынады. Жоба 2028 жылы қарызды өтеу басталғанға дейін толығымен жүзеге асырылады.

Қарыз 2035 жылға дейін өтеледі.

Қазір оқып жатыр

Жезқазған зиратында қабір басындағы топырақ опырылған: әкімшілік себебін түсіндірді

.

Атырауда шенеунік жұмбақ жағдайда көз жұмды

.

Филармонияның экс-басшысы ойыншық тапаншамен ақша айырбастау орнын тонаған

КТК сюжетінен үзінді

Астанада 74 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған: арнайы ХҚКО қызметкерлерінің ісі сотқа жетті

Жүргізуші