USD
USD
USD

1WIN онлайн-казиносының қызметіне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

Елімізде заңсыз онлайн-казино ұйымдастырған «1WIN» ұйымына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ҚМА Алматы облысы бойынша Департаменті бастады. 

1WIN онлайн-казиносының қызметіне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Аталған ұйым  Қазақстан аумағында ғана емес, сондай-ақ ТМД және алыс шетелде қызмет атқарған. 

Мыңдаған жерлестерімізді заңсыз ойын бизнесіне тартып қана қоймай, онлайн платформа букмекерлік қызметті тиісті лизенциясыз атқарған. 

Ақша қаражаты ғаламтор-эквайринг арқылы және аутентификациялаусыз қабылдануы, құмар ойындарға кәмелетке толмағандардың қатысуына да мүмкіндік берді. 

Қазақстан заңнамасына сәйкес елде онлайн-казиноның қызметіне тыйым салынған, ал букмекерлік қызметтер тиісті лицензия болған жағдайда ұсынылады. 

Қазіргі таңда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушы күдікті ретінде танылып, қажетті тергеу және жедел іздестіру әрекеттері жалғасуда.  

ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс