Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

1-сыныпқа құжат қабылдау ерте басталады

Бірінші сыныпқа баратын балалардың құжатын қабылдау науқаны 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады.

1-сыныпқа құжат қабылдау ерте басталады
Фото: NEGE.kz

 Алматы, NEGE. Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі бірінші сыныпқа баратын балалардың құжаты 1 сәуірден бастап қабылданатынын хабарлады. Ол 1 тамызға дейін жалғасады.

«Бұл – білім беру процесіне қатысушыларға ыңғайлы болу үшін қабылданған шешім. Ата-аналар мектепті алдын ала анықтап, оқуға қажетті құжаттарды уақытылы тапсырады, сондай-ақ балаларды оқу құралдарымен қамтамасыз етеді», – делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Мектеп басшылығы сыныптарды жинақтап, қажетті оқулықтарды алдын ала сатып алады. Сонымен қатар педагогтер құрамын анықтап, сағат санын бөледі.

Өтінішті egov.kz арқылы беруге болады.

Қажетті құжаттар тізімі:

ата-ананың (немесе оларды алмастыратын тұлғалардың) өтініші;

баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

«бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;

063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;

3х4 көлеміндегі 2 фото.

Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады.

Айта кетейік, былтыр құжат тапсыру 1 маусымда басталған болатын. 2020-2021 оқу жылы Қазақстан мектептерінде онлайн форматта басталды.


 

Қазір оқып жатыр

Танымал қазақстандықтар Құрылтай сайлауының қарсаңында «Әділет» партиясына қолдау танытты

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі

Сот Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуін жәбірленуші мәртебесінде қалдырды

Әділет Зейнел

Журналист Гүлнар Бажкеноваға үкім шықты

Гүлнар Бажкенова

Марқұм Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуі жәбірленуші мәртебесінен бас тартпақ

Әділет Зейнел