USD
USD
USD

1 тонна балықты заңсыз тасымалдаған азамат ұсталды

Батыс Қазақстан облысында 1 тоннадан астам балықты заңсыз тасымалдағандар ұсталды.

1 тонна балықты заңсыз тасымалдаған азамат ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 7 қаңтар күні Орал қаласына қарасты «Сарытау» шағынауданы маңында болды. Патрульдік полиция қызметкерлері шамамен сағат 05.40-та 1986 жылғы оралдық тұрғын айдаған «Lexus» автокөлігін тоқтатты. Көлікте 1985 жылғы жолаушы да болған.

Автокөлікті қараған кезде тиісті құжаттары жоқ 1 тоннадан астам қара балық тәркіленді. Аталған оқиға бойынша ҚР ҚК 196-бабы 1-бөлігіне сәйкес (көрiнеу қылмыстық жолмен табылған мүлiктi иемдену немесе өткізу) тергеу амалдары жүргізілуде. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

Айта кетейік, 6 қаңтар – 5 ақпан аралығында «Браконьер» жедел алдын алу шарасы өткізілуде.

Қазір оқып жатыр

Brent маркалы мұнай бағасының баррелі 101 долларға дейін төмендеді

мұнай

Астанада апалы-сіңлілі екі әйел күйеулерімен бірге «секс-притон» ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Күдіктінің үйін тінту сәті

Тоқаевтың президент болғанына жеті жыл: негізгі экономикалық көрсеткіштер қалай өзгерді?

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Мың доллардың футболкасын кім алады?»: Миллионер Арсен Томский Esentai Mall-дағы бағаға таңғалды

Арсен Томский