USD
USD
USD

1 шілдеден бастап ХҚКО-ның жұмыс кестесі өзгереді

Қазақстанда халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі 1 шілдеден бастап өзгереді.

1 шілдеден бастап ХҚКО-ның жұмыс кестесі өзгереді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Азаматтарға арналған үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. Енді халыққа қызмет көрсету орталықтары мереке күндерін қоспағанда, сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді. Жұмыс күндері олардың жұмыс кестесі өзгеріссіз қалады -9.00-ден 20.00-ге дейін.

ХҚКО-ның қалған бөлімдері дүйсенбі-жұма күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін стандартты кесте бойынша жұмысын жалғастырады. Қазақстандықтар сондай-ақ «ХҚКО» қосымшасы арқылы, бірыңғай байланыс орталығының 1414 нөмірі бойынша, eGov порталында, EgovKzBot2.0 телеграм-ботында, Egov mobile қосымшасы арқылы ХҚКО-ға кезекті алдын ала брондай алады.

Жаңа жұмыс кестесі Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысының тиімділігін арттырады. Айта кетейік, кезекші ХҚКО-лар тек облыс орталықтарында ғана бар. Ұлытау және Жетісу облыстарында кейінірек анықталады.

Қазір оқып жатыр

«Өзекті мәселелерді талқылады»: Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев, Путин

Ақтөбе облысында екі жүзге жуық адам уланып қалған мейрамхана заңсыз жұмыс істеген

мейрамхана

Елордадағы LRT-ға Tarlan Astana атауы берілді

ЛРТ

Алматыда такси жүргізушісі шетелдіктерді әуежайдан орталыққа дейін 72 мың теңгеге апарған

Такси