USD
USD
USD

1 шілдеден бастап Еуроодақ елдерінде «жасыл паспорт» енгізіледі

 ЕО кеңесі мен Еуропарламент Еуроодақта бірыңғай вакцинация сертификаттарын енгізу туралы келісті.

1 шілдеден бастап Еуроодақ елдерінде «жасыл паспорт» енгізіледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Жасыл паспорт» деген атпен белгілі мұндай құжат цифрлық түрде болады. Онда әр азаматқа қатысты ковидпен байланысты ауруы, ПТР тестілерінің нәтижелері, вакцинация секілді барлық мәлімет көрсетіледі. «Жасыл паспорт» 1 шілдеден бастап қолданысқа енеді. Екпе алған мұндай сертификаттың иесін медициналық себептерге байланысты ЕО еліне кіргізбеуге негіз жоқ.

«Айта кету керек, вакцинаның екі дозасын алғаннан кейін азамат толық егілді деп саналады. Сертификат қандай доза, қашан егілгені туралы барлық мәліметті көрсетеді. Бұл сертификат елге сізді кіргізуге себеп болуы мүмкін. Бірақ сізге рұқсат берілу үшін сіз толықтай егілуіңіз қажет», - деді Әділет мәселелері жөніндегі еурокомиссар Дидье Рейндерс. Тек ЕО немесе ДДҰ деңгейінде мақұлданған вакциналар қарастырылады. Әзірге бұл тізімге Ресей немесе қытай препараты кірмеген. Алайда, Мажарстанда олар белсенді түрде қолданылады. Бірақ ЕО-ның әр еліне өз критерийлеріне сәйкес жалпы еуропалық сертификаты жоқ адамдарға кіруге рұқсат ету құқығы жеке беріледі.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер