USD
USD
USD

1 сәуірден бастап қазақстандықтар Оман Сұлтандығына визасыз бара алады

1 сәуірден бастап Қазақстанның ұлттық паспорты бар азаматтар алдын ала туристік визаны рәсімдемей-ақ Оман Сұлтандығына 14 күн мерзімге бара алады.

1 сәуірден бастап қазақстандықтар Оман Сұлтандығына визасыз бара алады
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE. Сыртқы саяси ведомствоның мәліметіне сенсек, ҚР азаматтары Оманға 14 күннен артық мерзімге баруды жоспарласа, онда тиісті санаттағы визаны ресімдеуі тиіс.

Айта кету керек, елде визасыз болу мерзімін ұзарту қарастырылмаған.

Бұл қағиданы бұзу әр күн үшін 10 оман риалы (шамамен 26 АҚШ доллары) мөлшерінде ақшалай айыппұл салуға әкеп соғады.

Сонымен қатар, COVID-19 пандемиясы аясында елде бірқатар шектеу шаралары қолданылатынына назар аудару керек.

Осыған байланысты, бұл елге кіру қағидаларымен Оман әуежайының сайтында танысуға болады.

Бұған дейін Қазақстан азаматтарына туристік визасыз Оманға бару үшін паспортында АҚШ, Шенген келісімі елдерінің немесе Жапонияның қолданыстағы визасы болуы қажет еді.


 

Қазір оқып жатыр

Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды

Жүргізуші куәлігі

30 маусымда қос Палатаның бірлескен қорытынды отырысы өтеді

Парламент

«Van Cleef алқасын, Dior сөмкесін пара ретінде алған»: Кореяның экс-бірінші ханымы тағы 7 жыл арқалады

Ким Кон Хи

Бейбіт Құсайынов: Қазақстанда екінші орын алсаң, «бірінші орын алдым» деп есептей беруге болады

Бейбіт Құсайынов