USD
USD
USD

1 сәуірден бастап бірінші сыныпқа құжат қабылдау басталады

Бүгіннен бастап елімізде бірінші сыныпқа құжат қабылдау басталады.

1 сәуірден бастап бірінші сыныпқа құжат қабылдау басталады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ол тамызға дейін жалғасады. Ата-аналар баласының құжатын eGov порталы арқылы тіркей алады. Бұл туралы Білім басқармасы басшысының орынбасары Бағлан Сматаева айтты. Сондай-ақ карантиндік шектеулерге байланысты төртінші тоқсанда 9, 11-сынып оқушылары аралас форматта оқиды. Яғни пәндердің 70 проценті дәстүрлі форматта, ал 30 проценті қашықтан оқытылады.

Бұдан бөлек, 1-11 сыныптарда бір тоқсандық жиынтық бағалау өткізіледі. Бөлім бойынша жиынтық бағалау 3-12 мамыр аралығында өтсе, тоқсандық жиынтық бағалау 14 маусымнан басталады. Қазір 7 мың 567 оқушының 490-ы Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтті. Ол маусым айының соңына дейін жалғасады деді сала маманы. Айта кетейік, 9-сынып оқушылары үшін қорытынды аттестаттау 28 мамыр-7 маусым аралығында үш пәннен өтеді. Ал Ұлттық бірыңғай тестілеу 10 наурыздан бері жүріп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер