USD
USD
USD

1 наурыздан бастап карантин талаптары жеңілдейді

Биылғы жылдың 1 наурызынан бастап Қазақстанда карантин талаптары жеңілдейді. Жағымды жаңалықты Атамекен ҰКП төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

1 наурыздан бастап карантин талаптары жеңілдейді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  «Сүйінші жаңалық! Ведомствоаралық комиссияның отырысында коронавирустың таралу қарқынының төмендеуіне байланысты «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасының бірқатар ұсынысы қабылданды», - деп жазды палата төрағасының орынбасары әлеуметтік желіге.

Оның сөзінше, билығы жылдың 1 наурызынан бастап рұқсат етіледі.

Жасыл аймақта:

1) жанкүйерлер қатысатын спорт жарыстары (қатысушылар саны талқыланып жатыр)

2) 50 адамға арналған еске алу асы (залдың 30% ғана толтыра отырып)

3) бильярд қызметіне

4) ғимараттардағы балаларға арналған ойын-сауық клубтарына;

5) цирктарға

Сары аймақта: Базарлар мен сауда, ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері жексенбі күні де жұмыс істей алады.

АШЫҚ қосымшасы:

1) боулинг қызметі;

2) компьютер клубтарының қызметі;

3) фитнесс-орталықтар, бассейндер – жасыл және сары аймақтар үшін жұмыс істеуге рқсат етілді.

«Жалпы алғанда санитарлық талаптарды сақтай отырып, бизнестің жабық нысандарының да жұмыс істеуіне рұқсат етуге болады деген түсіністік бар», - деп жазды палата өкілі.

Қазір оқып жатыр

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

.

Теңіздегі тексеріс: 27 шетел азаматы елден шығарылды

.

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

.

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев