USD
USD
USD

1 млрд теңге: Түркістан облысында заңсыз жарияланған мемлекеттік сатып алу конкурсы анықталды

Түркістан облысы Ордабасы ауданының прокуратурасы 1 млрд теңгеден астам қаржыға заңсыз жарияланған мемлекеттік сатып алу конкурсының күшін жойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

1 млрд теңге: Түркістан облысында заңсыз жарияланған мемлекеттік сатып алу конкурсы анықталды
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Ордабасы ауданының прокуратурасы аудан көлемінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуына талдау жүргізіп, нәтижесінде Ордабасы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі жылдық жоспарға енгізілмеген нысандарға мемлекеттік сатып алу конкурсын заңсыз жариялағанын анықтады.

Енгізілген прокурорлық қадағалау актісінің негізінде 1 млрд теңгеден астам қаржыға заңсыз жарияланған мемлекеттік сатып алу конкурсының күші жойылып, заң бұзуға жол берілмеді.

Мемлекеттік сатып алу конкурсын ұйымдастырған лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапқа тартылды.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс