USD
USD
USD

1 млн теңге пара алған бөлім басшысы үш жылға сотталды

  Алматы қаласындағы қоғамдық денсаулық басқармасы мемлекеттік сатып алу бөлімінің бұрынғы басшысы жемқорлық әрекеттері үшін ұсталды.

1 млн теңге пара алған бөлім басшысы үш жылға сотталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қалалық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, оған пара алды деген айып тағылып, үш жылға бас бостандығы шектелген. «Бөлім басшысы былтыр маусым айында науқас балаларға арналған дәрілер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізуге мемлекеттік сатып алу өткізу кезінде серіктестіктердің бірінен келісім-шарт сомасының 10 %-ін талап еткен. Егер сатып алушы бұл шартқа келіспесе, істің насырға шабатынын айтып қорқытқан. Амалы қалмаған серіктестік құрылтайшысы 1 миллион теңге көлемінде ақша аударған» делінген хабарламада. Пара алушының кәмелеттік жасқа толмаған балалары барын ескеріп, сот оны 3 жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды. Сот отырысы кезінде айыпталушы өз кінәсін мойындаған жоқ.

Қазір оқып жатыр

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер