USD
USD
USD

1 млн гектар жер мемлекетке қайтарылды

Шығыс Қазақстан облысында пайдаланылмаған 1 млн 32 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылған.

1 млн гектар жер мемлекетке қайтарылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Өңірде ауыл шаруашылығы жерлерін пайдаланудың тиімділігін бақылау мен мониторингті күшейту мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылуда.

Бұл жайлы ШҚО Ақпарат орталығында өткен баспасөз брифингі барысында облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Сейсенғазы Чукаев мәлімдеді.

«2015-2019 жылдар аралығында пайдаланылмаған немесе тиісті заңнаманы бұзу арқылы пайдаланылған 1 млн 554 мың гектар ауыл шаруашылығы жерлері анықталды. Оның ішінде 1 млн 32 мың гектар мемлекет меншігіне қайтарылған. 908,5 мың гектар жер ауыл шаруашылығы айналымына тартылды. 214,2 мың гектар жердің иелері қазіргі уақытта жерді пайдалануға кірісіп кеткен. 307,5 мың гектарға қатысты материалдар әлі де мемлекеттік органдардың қарауында», – дейді ол.

Басқарма басшысының айтуынша, жыл басынан бері 65 тексеру жүргізіліп, соның нәтижесінде жер заңнамасын бұзудың 50 фактісі анықталған.

Заңбұзушылыққа жол бергендерге жалпы сомасы 1,6 млн теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қорғаныс министрлігін тексеретін арнайы комиссия құрды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Бурабайда шетелдік ғалымдар Өр Алтайдың түркі өркениетіндегі тарихи рөлін талқылады

.

Тимур Турлов FIDE президенті болып сайланды

Тимур

Мемлекет экс-әкіммен байланысты қоқыс полигонын қайтарып алды

Бағдат Қарасаев