USD
USD
USD

1 мың тонна ұн жеткізілді

Атырауда тұрақтандыру қорына 1 мың тонна ұн жеткізілді.

1 мың тонна ұн жеткізілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Атырау» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның департамент директоры Дмитрий Дюдың мәлім етуінше, астықты аймақтардан 1000 тонна ұн жеткізілген. Бұған қоса тағы 60 тонна ұнды алдағы аптада әкелу көзделіп отыр.

 «Ұн Атырау қаласындағы 8 наубайхананың сұранысымен бөлінеді. Қазір наубайханаларда пісірілген әлеуметтік нан 79 теңгеден сатылып жатыр. Бұдан өзге қант, күріш, күнбағыс майы секілді күнделікті тұрмысқа қажетті тауарлар да жеткізіліп жатыр. Темір жолшылар алыс аймақтардан азық-түліктерді жеткізіп беруге қол ұшын созды», - деді ол. Атырау магистралды желі бөлімшесінің директоры Елеубай Сапаровтың айтуынша, азық-түліктер тегін тасымалдануда. Соның ішінде, вагондарды тұйыққа апару, жүкті түсіргенге дейінгі тұру уақытының шығыны магистралды желі бөлімшесінің есебінен өтеледі.

Қазір оқып жатыр

«Есіктен есікке дейін»: өңірлерде «Әділет» партиясының сайлауалды акциясы өтіп жатыр

.

Никол Пашинян үкіметтің отставкасы туралы өтінішке қол қойды

Никол Пашинян

Алматыда жасөспірім қыз есірткі таратты деген күдікпен ұсталды

.

Тоғыз күнде 1500 шақырым: «Әділетті Қазақстан үшін» керуенінің аралық қорытындысы қандай?

.