USD
USD
USD

1 маусымда базарлар іске қосылады

Алматы кәсіпкерлік және инвестиция басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин карантин кезеңіндегі азық-түлік және азық-түлік емес базарларының жұмысы туралы айтып берді. 

1 маусымда базарлар іске қосылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "25 мамырдан бастап, яғни алдағы дүйсенбіден бастап, біз ХҚКО-лар мен бұрын жабылған азық-түлік сататын орындар және ондағы әмбебап базарлардың жұмысын жаңартуды жоспарлап отырмыз. Бұл базарлар 25 мамырдан бастап бір уақытта ашылады деген сөз емес. Олар санитарлық-эпидемиологиялық нормативтерге сәйкестігі туралы акт өткеннен кейін ғана жұмысын бастайды", - деп түсіндірді Еркебұлан Оразалин.

Оның айтуынша, карантин кезінде осындай 23 нысанның тек 13-іне ғана жұмыс істеуге рұқсат берілген.

"Қазір 10-ға жуық базар қалып отыр (жабық - автор). Сондай-ақ, 11-шіcі бар, бұл даладағы "Барыс" базары. Олардың барлығы 25 мамырдан бастап қабылдауға дайындалып жатыр, комиссиямен жұмыс істеп жүр. Өкінішке қарай, әзірше бәрі жұмысқа дайын деп айта алмаймыз", - деді Еркебұлан Оразалин.

Кәсіпкерлер ашылу үшін бұрынғыдай infoalmaty.kz сайтына өтінім бере алады.

Сонымен қатар, кәсіпкерлік басқармасының басшысы азық-түлік емес нарықтарға қатысты ақпарат берді.

"Азық-түлік емес базарлар бойынша комиссиялық шешім қабылданғанын растаймыз. Алдын ала мәліметтер бойынша, тиісті аудиттен өткеннен кейін олар 1 маусымнан бастап жұмысқа оралады", - деп атап өтті Еркебұлан Оразалин.

Еске салайық, Алматыда 25 мамырдан бастап СҮ, СО, СОО аумағында орналасқан азық-түлік емес бутиктер, сұлулық салондары, химиялық тазалау орындары және мейрамханалар жұмысын қайта бастайды. Сауда нысандарының жұмысы 23.00-ге дейін рұқсат етіледі. СҮ, СО және СОО аумағындағы тамақтанатын орындардың ашылуы келесі, екінші кезең аясында жоспарланып отыр. 

Сондай-ақ, 25 мамырдан бастап Алматыда қонақ үй кешендерін, қоғамдық тамақтану нысандарын және діни ғимараттарды кезең-кезеңмен іске қосу жоспарланды

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy