USD
USD
USD

№1 клиникалық ауруханада 200-ге жуық бүйрек пен бауыр трансплантациясы жасалған

Шымкент қаласындағы №1 клиникалық ауруханада 2014 жылдан бері трансплантация жасалып келеді.

№1 клиникалық ауруханада 200-ге жуық бүйрек пен бауыр трансплантациясы жасалған
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE.  Бүгінге дейін емдеу орталығының білікті дәрігерлері 172 бүйрек және 24 бауыр алмастыру отасын жасаған. 2019 жылы А.Донбай бастаған клиникалық аурухананың трансплантолог дәрігерлері бауыр трансплантациясы отасын 5 сағат 48 минутта жасап, Қазақстандық рекордты жаңартқан болатын.

Тәулік бойы жұмыс істейтін аурухана 520 төсек орынға есептелген. Бұдан басқа, шілде айынан бастап аурухана базасында 170 орынға арналған инфекциялық стационар ашылған.

Бүгінде мұндағы қабылдау бөліміне күнделікті 350-ден аса науқас медициналық көмекке жүгінеді екен. Ал, күту залындағы науқастың туыстары камера арқылы қабылдау бөліміндегі науқастың жағдайын бақылай алады.

Жалпы ауруханада хирургиялық, нейрохирургия, урология, отолорингология сынды 22 бөлімше мен инсульт орталығы, КТ, МРТ және ангиогроф кабинеттері бар.

Бүгінгі таңда аурухана қызметкерлері 2019 жылдың II тоқсанында іске қосылған «DamuMed» ақпараттық жүйесімен жұмыс істеуде. Компьютерлер саны-299, планшеттер-10.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек