USD
USD
USD

1 қыркүйектен бастап әскерге шақырудың күзгі науқаны басталады

Мерзімді әскери қызметке шақырушылар арасынан Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіне сарбаздарды іріктеу басталады.

1 қыркүйектен бастап әскерге шақырудың күзгі науқаны басталады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Биыл 1 қыркүйектен 5 қазанына дейін ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің мамандары барлық облыс орталығында және республикалық маңызы бар қалаларда үміткерлерді өздері іріктейді. Жастарға бірқатар талап қойылады. Жоғары білімді, спорттық жетістіктері мен разряды бар әскерге шақырылушыларға басымдық беріледі. ҚР МКҚ қатарына өткен шақырылушылар мерзімді қызметін Астана және Алматы қалаларындағы әскери бөлімдерде өтейді.

Олар ҚР Президентінің және басқа да күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, салтанатты және хаттамалық іс-шараларға қатысу, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Мемлекеттік Елтаңбасының эталондарын қорғау сияқты ерекше міндеттерді атқарады.

ҚР МКҚ-де әскери борышын өтеген жауынгерлердің кадрлық тұрғыдан өсуге мүмкіндігі бар. Мерзімді қызмет аяқталған соң өз қалауымен келісімшарт бойынша қызметін жалғастыра алады, одан әрі арнаулы мемлекеттік органның қызметкері және офицері атанып, күзетілетін адамдар мен нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді атқара алады.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс