USD
USD
USD

1 қазанға дейін мүлік және жер салығын төлеу керек

Мемлекеттік кірістер комитеті 2021 жылдың 1 қазанына дейін қазақстандықтар мүлік пен жер салығын төлеуі тиіс екенін мәлімдеді.

1 қазанға дейін мүлік және жер салығын төлеу керек
Фото: NEGE.kz

Алматы,NEGE. Осы орайда комитет мамандары салық заңнамасына өзгеріс енгізілгенін еске салды. Оған сәйкес, 2020 жылы 1 қаңтардан бастап жеке тұлғалардың меншік құқығына тиесілі жер учаскелері және жылжымайтын мүлік бойынша салықтар бірыңғай мүлік салығы болып біріктірілді. Сол себепті салықтың есептелген сомасы жылжымайтын мүлік пен жер учаскесі бойынша міндеттемелерді қамтиды және бірыңғай сомамен төленеді.

"2020 жылға мүлік салығын төлеу мерзімі 2021 жылғы 1 қазанда аяқталады", - дейді мамандар.

Мүлік салығының сомасын төлеу мерзімі басталғанға дейін "E-salyq Azamat" мобильді қосымшасында, сондай-ақ Kaspi.kz және Homebank банктерінің мобильді қосымшаларында kgd.gov.kz "Алдағы төлемдер" сервисінен білуге болады. Сол жерде бірден төлем жасауға мүмкіндік бар.

Бұдан басқа, салық салу объектілері бойынша ақпаратты "E-salyq Azamat" мобильді қосымшасының "Салық әмияны" бөлімінде көруге болады. Орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына хабарласуға болады.

Қазір оқып жатыр

«Медеу» аумағында көлік иелері автотұраққа тәулігіне 12 мың теңге төлеуге мәжбүр болған

автотұрақ

Ертісбаев бұдан былай елдің ішкі саясатымен айналыспайтынын мәлімдеді

Ермұхамет Ертісбаев

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

грант

Тоқаев Ұлттық банк, ҰҚК және Жоғарғы сот кеңесінің төрағаларын қайта тағайындады

Сүлейменов, Сағымбаев, Малахов