USD
USD
USD

1 қарашадан бастап Қазақстанда қандай жолдар ақылы болады?

«Қазавтожол» ұлттық компаниясы пайдалануға беруге дайын автокөлік учаскелерін атады.

1 қарашадан бастап Қазақстанда қандай жолдар ақылы болады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ресми ақпаратқа сәйкес, қазір Нұрсұлтан – Павлодар, Шымкент – Өзбекстан шекарасы (Ташкентте), Щучинск – Көкшетау учаскелері ақылы жолдардың қатарына қосылуға дайын.Бұл учаскелер барлық қажетті құралмен жабдықталған. Ал Қапшағай – Талдықорған, Шымкент – Тараз, Тараз – Қайнар, Шымкент – Қызылорда учаскесін пайдалануға беру туралы бұйрықтың жобасы мемлекеттік органдарға келісім беруі үшін жолданған.

«Бұл 1 санаттағы жол учаскелерінде ақылы жолды енгізу 2021 жылдың 1 қазанынан тест режимінде,  2021 жылдың 1 қарашасынан бастап нақты пайдалануға беріледі», – деп нақтылады комитет.

Ведомствоның хабарлауынша, ақылы учаскелер бойынша жүріп өту үшін төлемақы мөлшері 2013 жылы Нұр-Сұлтан – Щучинск бірінші ақылы учаске енгізілгеннен бері өзгерген жоқ және ол сол қалпында қалады.

ІІ санаттағы жол қозғалысы үшін төлемақы тарифін төмендету жоспарда бар.

Қазір оқып жатыр

Жетісу облысындағы алғашқы жаңа форматтағы кітапхана Сарыөзекте ашылды

.

Шарджада екі қазақ қызы қаза тапты: СІМ ресми мәлімдеме жасады

.

Қазақстанда автонесиеге сұраныс 20%-ға артқан

автонесие

«Украина достық қарым-қатынасты жоғары бағалайды»: Зеленский Тоқаевқа алғысын білдірді

алғыс білдірді