USD
USD
USD

1 қаңтардан бастап жалақы өседі

ҚР Үкіметі Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйвмдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесіне өзгерістер енгізу туралы туралы қаулы қабылдады.

1 қаңтардан бастап жалақы өседі
Фото: NEGE.kz

 

Алматы, NEGE. Қаулы бойынша, аталған сала қызметкерлерінің екбақы тарифиндегі мөлшерлемелер былайша өзгермек:

1. Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының педагогтері ставкалардың белгіленген мөлшеріне түзету коэффициентін қолдана отырып айқындалады:

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,75;

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2 мөлшерде.

2. Медицина және фармацевтика қызметкерлерін қоспағанда, мемлекеттік ұйымдардың: стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелердің, үйде қызмет көрсету, уақытша болу ұйымдарының, жұмыспен қамту орталықтарының басқарушы, негізгі персоналдарының қызметкерлері ставкалардың белгіленген мөлшеріне түзету коэффициентін қолдана отырып айқындалады:

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,75;

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2 мөлшерде.

3. Медицина және фармацевтика қызметкерлері ставкалардың белгіленген мөлшеріне түзету коэффициентін қолдана отырып айқындалады:

біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар (А блогының басқарушы персоналы, В1, В2 блогының негізгі персоналы):

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,63;

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,73 мөлшерінде белгіленеді.

4. Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне:

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,23;

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,45;

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,71;

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 2 мөлшерде.

Қаулы 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Қазір оқып жатыр

Шерзат Полаттың қазасы бойынша сот үкімі өзгеріссіз қалды

Шерзат Болат

Тоқаев Мадьярды сайлаудағы жеңісімен құттықтады

.

«Машалла», «иншалла» сөздерін қолдану қаншалықты орынды?

Төрәлі Қыдыр

«Жаңбыр жауса, жылаймыз»: Таразда екі жүздей тұрғын шатыры шұрық тесік үйде тұруға мәжбүр

Тұрғын үй