USD
USD
USD

1 қаңтардан бастап үшжылдық мораторий күшіне енді

Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы орган өкілдері 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін шағын кәсіпкерлерді, оның ішінде микрокәсіпкерлікпен айналысатын тұлғаларды тексеруді, қадағалауды тоқтатады.

1 қаңтардан бастап үшжылдық мораторий күшіне енді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.​ Оларға шағын кәсіпкерлердің жұмыс орнына баруға да тыйым салынған. Бұл шара президент Қасым-Жомартр Тоқаев қол қойған қаулыға сәйкес жүзеге асады деп хабарлайды ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.

Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы орган өкілдері 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін шағын кәсіпкерлерді, оның ішінде микрокәсіпкерлікпен айналысатын тұлғаларды тексеруді, қадағалауды тоқтатады. Оларға шағын кәсіпкерлердің жұмыс орнына баруға да тыйым салынған. Бұл шара президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған қаулыға сәйкес жүзеге асады деп хабарлайды ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.

Дегенмен қоршаған ортаға, азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін, қоғамдық тәртіп пен заңға қайшы келетін, ұлттық қауіпсіздік пен конституциялық құрылымға тікелей және жанама қауіп төндіретін кәсіпкерлік қызмет түрлеріне бұл қаулының күші жүрмейді.

Одан бөлек мемлекеттік органдар тек кәсіпкердің өзінің өтінішімен және қылмыстық-процессуалдық кодексте көрсетілген жайттардың негізіне сүйеніп қана тексеру жүргізе алады.

Прокурорлық, кедендік, кейбір салық бойынша тексерулерге, жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты тексерулерге мораторий күші жүрмейді. Өнімді санитарлық-эпидемиологиялық сараптамадан өткізу мақсатында профилактикалық тексеру жасалатын жағдайда да кәсіпкерлер құзырлы орган талабын орындауға міәндетті болады. 

Қазір оқып жатыр

Харри Кейн алғаш рет «Алтын доп» иегері атанды

Харри Кейн

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»