USD
USD
USD

1 қаңтардан бастап газбен жүретін көліктерге арнайы белгі жабыстыру міндеттеледі

Енді елдегі газ баллон жабдығы бар автомобиль иелері арнайы белгі орнатуға міндеттелмек. Өзгерістер 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

1 қаңтардан бастап газбен жүретін көліктерге арнайы белгі жабыстыру міндеттеледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті хабарлады.

«Газбен жүретін автокөліктердің жабық тұрақтарға кіруіне тыйым салынған. Дәл осындай автомобильдерді анықтап, сәйкестендіру және мұндай тыйымдарды әкімшілендіру үшін арнайы белгі енгізілді», - дейді комитет төрағасы Қуаныш Елікбаев.

Арнайы белгіде «GAS» деген жазу мен леп белгісі бар сары түсті теңбүйірлі үшбұрыш бейнеленген. Бұл белгі жабық паркингтерге кірген кезде көлік оңай танылатындай етіп орнатылуы тиіс.

Қазір оқып жатыр

Жаңаөзенде төрт тонна мұнай өнімі тәркіленді

Жаңаөзендегі заңсыз мұнай өнімі

Қазақстандықтар бес елде QR-код арқылы төлем жасай алады

qr-төлем жүйесі

Binance криптобиржасына хакерлік шабуыл жасалды

СryptoCity

«Әр мәселенің артында нақты адам тұр»: сарапшы сапасыз бензин туралы

Decaf.