USD
USD
USD

1 қаңтардан бастап балабақша тәрбиешілері, мектеп және колледж мұғалімдерінің жалақысы 25%-ға өсті

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2020 жылғы қаңтардан бастап мұғалімдердің жалақысы жыл сайын 25%-ға көтеріліп келеді.

1 қаңтардан бастап балабақша тәрбиешілері, мектеп және колледж мұғалімдерінің жалақысы 25%-ға өсті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Осылайша, мұғалімдердің жалақысы қазіргі уақытта екі есеге артты.

«Ел Президентінің қолдауы арқасында мұғалімдердің жалақысы жыл сайын өсіп келеді. Сонымен қатар олардың жалақысына қосымша төлемдер белгіленді. Бұл -  біліктілік санаты, магистр дәрежесі, пәндерді ағылшын тілінде жүргізу, дәптерлерді тексеру, сынып жетекшілігі, жаңартылған мазмұндағы жұмыс және тәлімгерлік үшін қосымша төлемдер. Мұғалімдердің жалақысын көтеру өз нәтижесін беріп жатыр. Педагог мамандығына университеттің үздік түлектері мен «Алтын белгі» иегерлері келе бастады. Бұл болашақта балалардың оқуына оң әсерін тигізеді», - деді ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.

Қазір оқып жатыр

Алматы маңындағы аудандардың бірінде жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланды

сел қаупі

Қазақ дәрігері Қытайдың ең жоғары партиялық орденімен марапатталды

Оқас Сүлеймен

Қазақстанда ипотеканың шекті мөлшері өзгереді

ипотека

Президент Халық Кеңесінің кейбір мәселелері туралы жарлыққа қол қойды

Халық Кеңесі