USD
USD
USD

19 жыл бұрын кісі өлтіргендердің бірі енді ұсталды

Шымкент қаласында 19 жыл бұрын жасалған қылмыс бойынша сот отырысы басталды.

19 жыл бұрын кісі өлтіргендердің бірі енді ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Күдіктілердің бірі биыл наурыз айында ұсталған. Сот материалына сәйкес, 2004 жылы Ринат Ғазизов досы Юраға көмектесуге келіскен. Юра оған жездесі әпкесін ұрып-соғатынын, онымен қоймай, өзінің қызына тиіскенін айтқан.

Ринат мылтық тауып береді. Ал Юра ішімдік ішіп алып, отырыс ұйымдастырған. Жездесін де шақырады. Сол кезде оған екі рет оқ атылған. Жәбірленуші сол жерде қайтыс болды. Екі дос барлық айғақты өртеп, мәйітті даладағы дәретхана шұңқырына тастаған. Үстіне құрылыс қоқыстарын үйіп қойған. Сосын көрші елге қашып кетеді. Ол кезде Ринат 22 жаста, ал Юра 16 жаста болған.

Сот отырысы кезінде Ринат Ғазизов өз кінәсін мойындаған жоқ. Мылтықты қаңырап тұрған үйдің ішінен таптым деді. Ал Юра оқ атқан.

Мен кінәлі емеспін. Қылмыс жасауға көмектескен де жоқпын. Иә, мылтық әкелгенімді мойындаймын. Бірақ Юра Хоритонов болған жерден кетіп қалдым. Қазақстан аумағынан қашып кеттім. Өйткені менің мылтығыммен адам өлтірді, сол үшін мені соттайды деп қорықтым, – дейді Ринат Ғазизов.

Сотталушы 2018 жылы Шымкент қаласына қайтып келген. Оны биыл наурыз айында ұстап, тергеу изоляторына қамап тастады. Ал досы Юра азаматтығын ауыстырып, Башқұрстанда бой тасалап жүр.

Прокурор Ринат Ғазизовты 17 жылға бас бостандығынан айыруды сұрап отыр. Алдағы дүйсенбіде сот өз үкімін шығарады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтардың жеке деректері шетелде жабық сайт арқылы сатылған

жеке деректерді тарату

12 адам қаза тапқан өрт: «Центр плова Loft» ісі бойынша тергеу аяқталды

дәмхана

Ресей МӨЗ-іне жасалған шабуылдан қазақстандық зауыттың жұмысы тоқтауы мүмкін

Конденсат

2026 салқыны. «Halyk Bank» НЕГЕ құлдырай бастады?

Halyk