26 Наурыз 12:26
...

19 жастағы Аяжан Еділованың өліміне қатысты жаңа деректер анықталды

Фото:

Туыстары кінәлі азаматты өмір бойына бас бостандығанан айырылуын талап етеді.

Алматы, NEGE. 19 наурызда  кешкісін жұмысынан шыққан Аяжан сол күйі ізім-ғайым жоғалады. Кейіннен туыстары Полиция департаментіне хабар беріп, бойжеткенге іздеу салады. Ал, 21 наурызда Алатау ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінен оның денесі табылды.

"21 наурызда жедел-тергеу тобы құрылып, Аяжанды іздеуге кірісті. Өткізілген шаралар нәтижесінде 21 наурызда сағат 22.00-де Алатау ауданындағы тұрғын үйлердің бірінде күдікті тұрған мекенжай анықталды. Анықталған факт бойынша күдікті 1993 жылы туған ер адам ұсталды. Полиция қызметкерлерінің көзінше күдікті өз-өзіне қол жұмсауға тырысты. Ол № 7 Қалалық клиникалық ауруханаға жатқызылды", - деді Рустам Әбдірахманов.

Айғақтарға қарағанда күдікті кісі өлтіруді 19-20 наурызға қараған түні, полицияға хабарлама түскенге дейін жасағаны анықталды, дейді Алматы ПД бастығының орынбасары.

"Полиция қызметкерлері пәтерден қыздың денесін тапты. Күдікті қылмыс жасағанын жасыру үшін мәйітті бөлшектегені анықталды. Кей дене мүшелерін Алатау ауданынан тыс жерлерге апарып, қоқыс жәшіктеріне тығып қойған. Олар табылды, қосымша медициналық сараптама тағайындалды".

Күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалғанын айтты Алматы ПД бастығының орынбасары. Рустам Әбдірахманов күдіктінің бұрын сотталмағанын айтты. Қазіргі уақытта ол медициналық мекемеде.

"Оған ота жасалып, ол палатаға ауыстырылды. Күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Дәрігерлер емшараны аяқтағаннан кейін оны тасымалдайды. Ол кінәсін толық мойындады", - деп толықтырды ДП өкілдері.

Сондай-ақ, полиция департаменті іздеуді уақтылы бастамағаны туралы марқұмның туыстарының айыптауларына жауап берді.

"Дәлелдер шындыққа жанаспайды. Қоңырау 20 наурызда келіп түсті, біз қылмыстық іс қозғап, іздеуді 20 наурызда бастадық", - деді Алматы ПД бастығының орынбасары.

19 наурызда Алматы қаласының тұрғыны Аяжан Еділова жұмыстан шығып, үйіне оралмаған. Бірнеше күннен кейін Алматы полиция департаменті қыздың қаза тапқанын хабарлады. Жедел-іздестіру шараларын өткізу барысында бойжеткеннің жоғалып кеткен күні жаңа танысымен кездесуге кеткені анықталды. Бұл туралы Алматы қаласы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров мәлімдеді. Күдікті-1993 жылы туған азамат, Түркістан облысының тұрғыны ұсталды.

Тегтер: