USD
USD
USD

19 жастағы жігіт өзін өлтірмекші болды

Елордадан Түркістан облысына демалуға барған жігіт шипажайлардың бірінің балконынан секіріп кетпек болды.

19 жастағы жігіт өзін өлтірмекші болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сарыағаш аудандық полиция бөліміне сағат шамамен 22:20-да жергілікті шипажай мекемесінің директоры хабарласқан. Ол белгісіз жас жігіт суицидке бармақ болып, балконнан секіруге оқталып тұрғанын айтқан. Ақпарат түсісімен шипажайға учаскелік полиция инспекторлары дереу жеткен.

«Полицейлер төртінші қабаттағы бөлмелердің бірінің балконында өзінің тамағын тіліп жіберген және екі қолына шыны сынықтарын ұстап тұрған жас жігітті көрген. Сондай-ақ ол балконнан секіретінін айтқан. Полицейлер уақыт жоғалтпай, шұғыл әрекетке көшкен. Учаскелік полицейлер жігітті сөзге айналдырып тұрғанда, келесі балконнан Сарыағаш АПБ-нің жедел уәкілдері секіріп түсіп, оны құтқарып қалды. Оған алғашқы медициналық жәрдем көрсетіп, дәрігерлерді шақыртты», – деді Түркістан облыстық Полиция департаменті.

19 жастағы жігіт өзіне ем қабылдау үшін анасымен бірге Нұр-Сұлтан қаласынан Сарыағашқа барыпты. Орналасқан туыстарының үйі шипажайға жақын жерде болған. Кешкісін барлығы ұйықтап қалғанда, ол ешкімге білдіртпестен үйден шығып кеткен. Шипажайға келіп, бос номердің біріне кірген. Бөлмеде алма салатын вазаны сындырып, соның сынықтарымен тамырын кеспекші болыпты. Қазір ол ауруханада жатыр.

 

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy