USD
USD
USD

19 тонна банан шекарадан неге өтпеді?

ҚР АШМ инспекторлары Ресейден алып келген 19 тонна бананды ел аумағына кіргізбеді.

19 тонна банан шекарадан неге өтпеді?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ҚР АШМ өсімдік карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары Қазақстан нарығына РФ мен Вьетнам елінен әкелінген 175 тонна өсімдік өнімін кіргізбеді.

2020 жылдың 24 ақпан 3 наурыз аралығында Атырау, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциялары Ресей Федерациясы мен Вьетнам мемлекетінен жоғары фитосанитарлық қауіп-қатері бар өсімдік өнімдерін заңсыз алып келудің жолын кесті.

Карантиндік бақылау барысында инспекторлар 76 тоннадан астам картоп, 55 тоннадан астам жеміс-жидек және көкөніс түрлерін, 19 тоннаға жуық банан, 2 мың гүл және 600 дана гүл көшеттерін, сондай-ақ Вьетнамнан 25 тоннаға жуық кешьюді жаңғағын фитосанитарлық сертификатсыз алып келгендігін анықтады.

Өсімдіктер карантині саласындағы заңнамалардың талаптарына сәйкес, аталған өнімдер Қазақстан Республикасы аумағына тасымалдауға тыйым салынған.

Кінәлі тұлғалар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 400-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазір оқып жатыр

Михаил Ломтадзе: Kaspi.kz-тің мақсаты – клиенттерге арналған әлемдегі үздік AI-сервистердің бірін жасау

Ломтадзе

Астана тұрғыны бұрынғы әйелінің үстіне жанғыш сұйықтық құйып, өртеп жіберемін деп қорқытқан

Бөтелке ұстаған ер адам

Бензин бағасының төмен болуы инвестор тартуға кедергі келтіреді – Бектенов

Мұнай өңдеу саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес

Exclusive-ке жасалған DDoS-шабуылға «Қазақтелекомның» қатысы бар ма?

Қазақтелеком