USD
USD
USD

19 қаңтардан кейін Қазақстанның барлық өңірінде төтенше жағдайдың күші жойылады

19 қаңтарда жарым түннен кейін, яғни сағат 00:00-ден бастап, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында, сонымен қатар Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында төтенше жағдайдың күші жойылады. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли желідегі парақшасында жазды.

19 қаңтардан кейін Қазақстанның барлық өңірінде төтенше жағдайдың күші жойылады
Фото: NEGE.kz

Алматы. NEGE. «Бұған дейін Президенттің Жарлықтарына сәйкес, өзге өңірлерде төтенше жағдай мерзімінен бұрын тоқтатылған болатын.

Осылайша, бүкіл ел аумағы қалыпты өмірге оралады. Төтенше жағдай кезіндегі қоғамдық тәртіпті қорғауды күшейту және еркін жүріп-тұруға, елді мекендерге кіруге және шығуға, т.б. қосымша енгізілген шектеу шаралары да жойылады.

Халықтың бірлігі мен тұтастығының, құқық қорғау органдары мен әскерилердің жанкешті іс-қимылдарының арқасында Қазақстанның барлық аумағында тәртіп пен тыныштық қалпына келтірілді. Елімізде әрқашан бейбітшілік пен игілік болсын!», - деп жазды ол.

Еске салайық, 5 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен елдегі жағдайға байланысты Төтенше жағдай жарияланып, түнгі сағат 23: 00-ден таңғы 7: 00-ге дейін коменданттық сағат енгізілген болатын.

Қазір оқып жатыр

Заң күшейді, қорқыныш сейілмеді: тұрмыстық зорлық-зомбылық неге толастамай тұр?

Тұрмыстық зорлық-зомбылық

Үкімет басшысы лауазымында қалған Бектенов Президентке қандай уәде берді?

Олжас Бектенов

Вакансияны жарияламай адам алған жұмыс берушілерге айыппұл салынуы мүмкін

Іс

Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды

Ләззат Танысбай