USD
USD
USD

18 жыл түрмеде отырып шыққан ер адам көршісінен ақша бопсалаған

БҚО-да бұрын сотты болған тұрғын көршісінен ақша бопсалаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

18 жыл түрмеде отырып шыққан ер адам көршісінен ақша бопсалаған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. БҚО-да Шыңғырлау ауылының бұрын екі рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған тұрғыны бостандыққа шыққаннан кейін ескі әдетін қайта бастаған. Ол ТҚС иесінен ақша бопсалаған. БҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізу барысында ауыл тұрғынының қылмыстық іс-әрекетін әшкереледі. БҚО ПД ЖҚАЖ қызметкерлерінің қатысуымен бопсалаушы ұсталды.

Анықталғандай, 42 жастағы күдікті 20 маусым мен 16 шілде аралығында өзінің 34 жастағы көршісіне күш қолдану арқылы қауіп төндіріп, жәбірленушіден ақшалай қаражат бопсалаған. Жеке тінту барысында ұсталған адамнан жәбірленушіден алған 60 мың теңгесі, сонымен қатар одан ерекше иісі бар қара-жасыл заты бар қағаз бумасы және ОРРО телефоны табылып, тәркіленді.

42 жастағы күдікті бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 18 жылға жуық бас бостандығынан айыру орындарында отырған. Белгілі болғандай, мұндай ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру тиісті нәтиже бермей, қайтадан бостандыққа шығып, тағы да қылмыстық жолға түскен.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 194-бабы (Қорқытып алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

12 адам қаза тапқан өрт: «Центр плова Loft» ісі бойынша тергеу аяқталды

дәмхана

Ресей МӨЗ-іне жасалған шабуылдан қазақстандық зауыттың жұмысы тоқтауы мүмкін

Конденсат

2026 салқыны. «Halyk Bank» НЕГЕ құлдырай бастады?

Halyk

Kizdar.net сайтын құрушылар 6 коммерциялық нысан мен қымбат мүліктерге иелік еткен

Kizdar.net