USD
USD
USD

18 жыл бойы іздеуде жүрген адам ұсталды

18 жыл бойы мемлекетаралық іздеуде жүрген ер адам Павлодарда ұсталды, деп хабарлайды polisia.kz. 

18 жыл бойы іздеуде жүрген адам ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстан Республикасының 59 жастағы азаматы 2003 жылдың шілде айында Ресей Федерациясының Мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өтті деп күдіктелуде.

– Сол кезде ер адамды Ресей Федерациясының ФСБ қызметкерлері ұстаған, Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 322-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды, ер адамнан «ешқайда кетпеу туралы қолхат» алынды. Алайда сол кездегі 40 жастағы ер адам Қазақстанға кетіп қалған. Осы жылдар ішінде іздестірілген қылмыскер Павлодар қаласында тұрған, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ер адамның мемлекетаралық іздеуде екендігін туралы жедел уәкілдер Ресей Федерациясының әріптестерінен білді.

Айта кету керек, полиция қызметкерлері тұрақты негізде қылмыстық қылмыскерлер мен хабар-ошарсыз кеткен азаматтарды іздестіру жұмыстарын жүргізуде. 2021 жылдың қорытындысы бойынша павлодарлық жедел уәкілдер 103 қылмыстық қылмыскерді іздестірді, хабар-ошарсыз кеткен 88 азаматтың мекенжайы анықталды. Биыл жедел уәкілдер екі қылмыскерді ұстады және хабар-ошарсыз кеткен үш адамның орналасқан жерін анықтады.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде дауылдан ағаштар құлап, бірнеше үйдің шатыры бүлінді

.

Қасым-Жомарт Тоқаев Саида Мирзиёеваны қабылдады

.

Қытайдағы жарыста Назым Қызайбай мен Виктория Графеева топ жарды

.

Ақтөбедегі қайғылы оқиға: АГҚС иесі уақытша ұстау изоляторына қамалды

.