Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

1,8 мың тоннадан астам қоқыс жиналды

«Таза табиғат» ұлттық экологиялық жобасы аясында бірқатар өңірде аумақты қоқыстан тазарту бойынша «Бірге таза Қазақстан» акциясы өтті. Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында 1,8 мың тоннадан астам қоқыс жиналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

1,8 мың тоннадан астам қоқыс жиналды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ведомствоның хабарлауынша, акция аясында елді мекендердің төңірегіндегі рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлерді жою, қалалардың рекреациялық аймақтарын, саябақ пен аллеялары тазартылды. Аулаларды тазалау жұмыстарына өңірлер мен ұйымдардың тұрғындары барынша тартылды. Оған еріктілер, экобелсенділер, қоғам белсенділері де қатысты. Қатысушылар саны шамамен 60 мың адамды құрады. Бұл 5 мыңнан астам волонтер, 13 мыңнан астам мемлекеттік органдардың өкілдері, 37 мыңнан астам азамат. Акция барысында 675 гектар жер тазартылды. Айта кетейік, жиналған қоқыс сұрыпталып, қайта өңдеуге жіберілді. 150 тоннадан астам шыны, 181 тонна пластик, 99 тонна резеңке, 208 тонна қағаз бен картон, 107 тонна металл тапсырылды.

Қазір оқып жатыр

«Байтақ» төрағасы: Біз Экономика және Қаржы министрлігін алмастырмаймыз

дебат

Іле Алатауы табиғи паркінде 13 гектар аумақ өртке оранды

Орман өрті

Қостанай елдің тәтті тағамдар астанасына айналуда: «Баян сұлу» жаңа жобаны іске қосты

"Баян сұлу"

Kinopark фильмдерді прокатқа шығару үшін 60 млн теңгеге дейін жарнама ақысын талап еткен

Kinopark