USD
USD
USD

18 америкалықтан коронавирус анықталды

Diamond Princess круиздік лайнерінен эвакуацияланған 300-ден астам америкалықтың 18-нен коронавирус анықталды.

18 америкалықтан коронавирус анықталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Лайнер жолаушыларының арасында бірнеше адамнан коронавирус табылуына байланысты карантинде тұрған болатын.

АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының ресми өкілі індет жұқтырған адамдардың саны артуы мүмкін екендігін жеткізді. Себебі, кеме жолаушылары «жұқтыру қаупі жоғары» санатқа жатады. Орталықтардың дерегінше, 18 расталған жағдайдан бөлек, АҚШ-тың эвакуациялауынан бұрын Жапонияда пневмонияға ұқсас белгілері бар 10 америкалық жолаушы тіркелген. Оларды тексеру нәтижелері әзірге Құрама Штаттарда расталмады.

Сонымен қатар, лайнердің 750-ден астам жолаушысы АҚШ, Оңтүстік Корея, Австралия, Гонконг, Израиль және Канада мемлекеттеріне эвакуцияланды. Еске салсақ, жолаушыларының бірінен коронавирус анықталғаннан кейін The Diamond Princess круиздік лайнері Иокогама портында екі апталық карантинде тұрды.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер