USD
USD
USD

18,2 млн тонна астық бастырылды

Гектарына 12,3 центнер орташа түсімділікпен 18,2 млн тонна астық бастырылды. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мәлім

18,2 млн тонна астық бастырылды
Фото: NEGE.kz

деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE.  «Биыл елімізде егін жинау жұмыстары уақтылы басталды, бұл ретте егін жинау науқанының қарқыны өткен жылға қарағанда жоғары. Мәселен, бүгінде республика бойынша барлығы 14,8 млн гектардан астам дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар немесе олардың жалпы жиналатын алаңының 93,4 пайызында егін жиналды. Ал өткен жылы осындай уақытта 10,3 млн гектар немесе 67,6 пайызы жиналған болатын. Гектарына 12,3 центнер орташа түсімділікпен 18,2 млн тонна астық бастырылды (2019 жылы – 11,4 млн тонна)», - деді министр Үкімет отырысында. Осы орайда ол дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар өндірісінің болжамды көлемі елдің ішкі қажеттіліктерін толықтай қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы