USD
USD
USD

1800 шақырым автожолға жөндеу жұмыстары жүргізілді

Алматы облысында жыл соңына дейін жергілікті маңызы бар жақсы және қанағаттанарлық жолдардың үлесі 90 пайызға жетеді. 
1800 шақырым автожолға жөндеу жұмыстары жүргізілді
Фото: NEGE.kz
 
Алматы, NEGE. Соңғы 5 жылда "Нұрлы Жол" бағдарламасы аясында жергілікті маңызы бар 1800 шақырым автожолға жөндеу жұмыстары жүргізілді.
 
"Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар жолдардың үлесі 77% - дан 84% - ға дейін ұлғайды, ағымдағы жылдың соңына қарай бұл көрсеткіш 90% - ға жетеді", - деп атап өтті Алматы облысы әкімінің орынбасары Жеңіс Тұяқов «Jetisy media» алаңында өткен  баспасөз-мәслихатында.
 
Сондай-ақ, ол «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының аясында өткен жылы 19 млрд.теңгеге 500 км-ге жуық жөндеу жұмыстары жүргізілгенін тілге тиек етті. Ал «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасын іске асыру басталғаннан бері 3,2 млрд.теңгеге 97 км жол жөнделді. Нәтижесінде бұл облыстың 240 елді мекеніндегі ауылішілік жолдардың сапасын жақсартуға мүмкіндік берді.

Қазір оқып жатыр

Павлодарлық кәсіпкер Икрам Нұрмашовтың қазасы: полиция не дейді?

Икрам Нұрмашов

Конституциялық құрылысты өзгертпек болған: Атырауда бір топ адам ұсталды

Атырауда ұсталған экстремистік топ

ДСМ жүргізген тексеруден кейін 78 медициналық ұйым лицензиясынан айырылды

оңалту орталығы

Ташкентте Қарағандыдан барған 15 жас футболшы астан уланды деген күдікпен ауруханаға түсті

Ташкентте ауруханаға түскен жасөспірім