18 қазан күнгі ауа райы болжамы: Қазақстанның екі облысында үсік жүруі мүмкін

«Қазгидромет» РМК 18 қазанға жасалған синоптикалық жағдай мен қауіпті метеорологиялық құбылыстарға қатысты ауа райы болжамын жариялады.
Алматы, NEGE. Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек еліміздің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр мен қар жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшеюі мүмкін.
Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында түнде -1-3 градус үсік жүруі ықтимал.
Ал еліміздің өзге аймақтарында ауа райы тұрақты болады деп болжанып отыр.
«Қазгидромет» РМК-нің 18 қазанға арналған дауылды ескертулеріне кеңірек тоқталсақ.
18-24 қазан аралығында Алматы облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.
Жамбыл облысында солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысында солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.
Шымкент қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының солтүстігінде 2 градус үсік күтіледі. Төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Атырау облысының солтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Маңғыстау облысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Абай облысында жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында екпіні 15-20 м/с. Оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысында жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.
Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.