USD
USD
USD

17 жылдан бері өлген жарының жанында түнеп жүр

Вьетнамдық Ле Ван 2003 жылы әйелінен айрылып, оның қазасына қатты қайғырыпты. Ол барлық уақытын зиратта өткізе бастаған. Тіпті әйелінің қабірінде түнеп жүреді. Кейін күн суытып, ашық далада түнеу қиынға соққан кезде Ле Ван әйелінің қабірінің қасынан туннель қазады.

17 жылдан бері өлген жарының жанында түнеп жүр
Фото: NEGE.kz

Мұны білген балалары қатты үрейленіп, әкелеріне зиратқа келуге тыйым салса керек. Осыдан кейін оған тағы бір ой келеді. Ол әйелінң сүйегін қазып алып, гипс пен цемент арқылы мүсінге айналдырған. Міне, содан бері ол мәйітті құшақтап, бір төсекте ұйықтап жүр, деп жазады fakty.ua.

Ле Ванның балалары бұл әрекетті құптамаған. Оған анасының сүйегін «мәңгілік мекеніне» қайтаруды талап еткен. Net News Vietnam басылымының хабарлауынша, көршілері де Ле Ванның үстінен шағым айтып, жергілікті билікке бірнеше рет шағымданған. Соңғы екі жылдан бері тек мүгедектер арбасымен жүретін жарымжан адам полицияға «марқұмның сүйегін зиратқа қайтарамын» деп уәде берсе де, оны орындамай келеді.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте айналымы 3,1 млрд теңге болған онлайн-казиноларды ұйымдастырғандар сотталды

Күдіктілер

Үш жылдан кейін алғаш рет Қазақстанның сырттан түсетін кірісі шығынынан асты

экономика

«Соңғы нәтиже сын көтермейді»: Скотт Манн ұлттық құраманың ойынына қатысты үн қатты

Скотт Манн мен Джон ван ’т Схип/kff.kz

Қарашадағы жиналыс. «Алтыналмас» НЕГЕ дайындалып жатыр?

Almas