USD
USD
USD

17 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанның бірқатар облысында ауа райының нашарлауына байланысты дауылдық ескерту жарияланды. Алдағы күндері елімізде аяз бен көктайғақ болады деп күтілуде, деп хабарлады "Қазгидромет".

17 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 17 желтоқсанда түнде Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі.

Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында қатты қар жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі.

17 желтоқсан түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында тұман болады.

 Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Жетісу облысында Алакөл маңында жел күшейіп, кейде екпіні 25 м/с болады. Облыс орталығында, таулы аймақтарда -26 градусқа дейін аз күтіледі.

17 желтоқсанда күндіз Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Жел шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с.

Абай облысының оңтүстік-батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-18 м/с.

17 желтоқсанда Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, күндіз облыстың батысында екпіні 15 м/с күтіледі.

Қазір оқып жатыр

«Әр мәселенің артында нақты адам тұр»: сарапшы сапасыз бензин туралы

Decaf.

86 млн теңгелік автошеру: «ҚазТрансГаздың» бұрынғы басшысы Санжар Боқаевтың рөлі туралы айтты

Боқаев

Қорғаныс министрі әскери қызметте қаза тапқан сарбаздардың туыстарымен кездесті

Gov

Бурабайда орманды қоршаған құрылысшылардың рұқсат құжаты жоқ болып шықты

Бурабай