USD
USD
USD

17 жасар қыз төрт күннен бері іздестірілуде

Қостанайлық полицейлер 4 күн бұрын жоғалып кеткен 17 жастағы бойжеткенді іздеп жатыр.

17 жасар қыз төрт күннен бері іздестірілуде
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ирина Беженарьдің айтуынша, 2003 жылы туған Арузат Құрманғалиева 30 қыркүйек күні үйінен шығып кетіп, сол күйі оралмаған. Туған-туыстары оның жоғалғаны туралы тек бүгін хабарлаған. «2020 жылғы 4 қазан күні Қостанай ауданының полиция бөліміне Заречный ауылының тұрғыны келіп, қызының жоғалып кеткенін айтқан.

Тәртіп сақшылары Арузат Құрманғалиеваға іздеу салды. Кәмелетке толмаған қыздың мекенжайы туралы хабары бар кез келген адамға «102» нөміріне қоңырау шалуын сұраймыз», – дейді Ирина Беженарь. Арузат Құрманғалиеваның үстінде сұр түсті куртка, көк түсті джинс шалбары және кроссовка болуы мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Перуашевке қатысты ақпараттық шабуыл: ІІМ қылмыстық іс қозғады

Қазақтелеком

Қазақстан-Қытай инвестициясы ел экономикасына қандай жаңа мүмкіндік береді?

Бауыржан Ысқақ

Храпуновтар Швейцарияда «толық ақталғанын» мәлімдеді. Алайда іс ескіру мерзіміне байланысты жабылған

Виктор Храпунов, Лейла Храпунова

Шымкентте күйеуін өлтірді деген күдікпен әйел адам қамауға алынды

Полиция